spot_img
Сейсенбі, Мамыр 21, 2024
8.4 C
Kokshetau

Ақмолалық аграрлар қуаңшылық үшін алаңдап отыр

Сондай-ақ...оқыңыз

Жауын-шашынның болмауынан ақмолалық аграрлар дабыл қағып отыр. Өйткені егін және малға арналған жемшөп базасына қауіп төніп тұр.

«Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы жанындағы аграрлық секторды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері мұндай жағдайда не істеу керектігін талқылады.

«Қазгидромет» РМК Ақмола облысы бойынша филиалының деректеріне сәйкес мамыр-маусым айларында аудандар бойынша түскен жауын-шашынның орташа айлық мөлшері -13,1 және 19,1 мм құрады. Бұл нормадан 2 есе төмен (норма 33-35 мм).

Ал бұл дәнді және бұршақты дақылдар егістіктерінің ағымдағы жағдайына әсер етті. Кейбір аудандарда жауын-шашын тіптен жауған жоқ.

Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Еркеш Әленов 2021 жылғы 8 шілдедегі жағдай бойынша 1,8 млн га жер, яғни 40% аумақ жақсы жағдайда, 2,5 млн га жер, яғни 55% аумақ қанағаттанарлық, 228,1 мың га жер, яғни 5% аумақ нашар жағдайда екенін атап өтті.

Әсіресе, Ерейментау, Қорғалжын, Атбасар, Жақсы және Есіл аудандарында жағдай алаңдатарлық.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жарты ғасыр жасаған «Көкшетау» халықтық би ансамблі

 «Көкшетау» халықтық би ансамблінің «Жарты ғасыр жасаған «Көкшетау» атты мерейтойлық концерттік бағдарламасы жоғары деңгейде өтіп, көрерменінің тағы бір мәрте...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img