spot_img
Сәрсенбі, Желтоқсан 11, 2024
-8.7 C
Kokshetau

Еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады – Қазгидромет

Сондай-ақ...оқыңыз

Еліміздің басым бөлігінде оңтүстік циклонның әсерінен құбылмалы ауа райы сақталып, найзағаймен жаңбыр күтіледі деп хабарлайды Қазгидромет.

Қазақстанның қиыр солтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде дауыл, бұршақ, желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте және батыста шаңды дауыл соғады. Ақмола облысында жел 15-25 м/с күшейеді, кей жерлерде бұршақ, дауыл күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде бұршақ, дауыл болып, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді. Қызылорда облысында таңертең және күндіз дауыл, шаңды дауыл соғып, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз екпіні 25 м/с жетеді. Атырау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар, Алматы облыстарының кей жерлерінде жел 15-25 м/с күшейеді, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде бұршақ, шаңды дауыл күтіледі.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында қатты, кей жерлерінде өте қатты ыстық сақталады. Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақмола, Алматы облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі жоғарлайды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Елге қызмет – абыройлы міндет» жобасы аясында қорытынды кездесу өтті

​Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ ұйымдастыруымен әскери қызмет өткерген жастар мен әскери міндеттілерді жұмысқа орналастыруға бағытталған...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img