spot_img
Бейсенбі, Сәуір 18, 2024
8.9 C
Kokshetau

Сандықтауда ауыл шаруашылығы кешені және ірімшік цехы іске қосылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Нұр-Сұлтан қаласының күні қарсаңында  Сандықтау ауданында «Сандықатау-Агро» ауыл шаруашылығы кешені ашылды, деп хабарлайды «Aqmola News».

Аудан әкімінің баспасөз хатшысы Рабиға Мұқанованың мәліметінше, қазіргі уақытта нысанда жалпы ауданы 7000 шаршы метр болатын 2 ангар, 2 механикалық тоқтың, астық өлшейтін нысанның құрылысы, сондай-ақ, асфальт төсеу жұмыстары аяқталуға жақын.

Серіктестік директоры Наталья Тамбовцеваның айтуынша, нысан ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында жұмысқа дайын болады.

«Жобаның құны 285 миллион теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстарынан 20 адам тартылып отыр. Алдағы уақытта кәсіпорын 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді», – дейді Наталья Тамбовцева.

Сонымен қатар, ауданда «Нұрлы Абат»ЖШС-де ірімшік өндіру цехы жұмысын бастады.

Кәсіпорын басшысы Нұрлыбек Нысанбаевтың айтуынша, кәсіпорын қызметінің негізгі түрі – сүт өңдеу және ірімшік өндіру. Мұнда тәулігіне 3 тонна шикізат өңделеді.

«Қазіргі уақытта цех 50 пайызға жүктелген. Сепаратор, бөлшектеу үстелі, ірімшік қайнатуға арналған ыдыстар, зертхана, сүт қабылдау пункті, тоңазытқыш жабдығы бар қойма бөлмесімен жабдықталған», – дейді серіктестік басшысы.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Киелі мекен» экологиялық акциясына 150-ден астам көкшетаулық қатысты

Бүкіл әлем қоқыстарды сұрыптауды бастау маңызды екенін түсінеді. Бұған біздің қоғам да жақындап келе жатқаны қуантарлық жағдай. Осыған байланысты, Ақмола...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img