spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
19.2 C
Kokshetau

Сандықтауда ауған жауынгерлеріне ескерткіш орнатылды

Сондай-ақ...оқыңыз

 Астана күні қарсаңында, Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында Сандықтау ауданының орталығы Балкашин ауылында Ауғанстанда әскери борышын орындау кезінде соғысқан және қаза тапқан интернационалист жауынгерлерге арналған ескерткіштің салтанатты ашылуы өтті,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.

Ескерткіштің ашылу салтанатына аудан әкімі Ербол Жүсіпбеков, аудандық мәслихат депутаттары, Ауған соғысының ардагерлері, құқық қорғау органдары, қоғамдық пікір көшбасшылары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, жастар, БАҚ өкілдері қатысты. Ескерткішке салтанатты түрде гүл шоқтары қойылды.

Өңір басшысы қатысушыларды осы айтулы оқиғамен құттықтап, ескерткіш тарихтың бір бөлігіне айналатынын атап өтті. Сондай-ақ, сандықтаулықтарға «Ақмола облысының Ауғанстан соғысы ардагерлері одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ыбрай Дуанбай, Сандықтау ауданының Ауғанстан соғысы ардагерлері одағының төрағасы Александр Шарыпов құттықтау сөздерін жолдады.

Дуанбай Ыбрай барлық жауынгер – интернационалистер атынан аудан әкімі Е.Жүсіпбековке, а. Закусилов, а. Шарыповқа Ауған соғысы ардагерлерін қолдағаны және ауданның дамуына қосқан үлесі үшін мерейтойлық төсбелгіні табыс етті.

Айта кету керек, мәрмәрде Қайрат Тәженов, Леонид Федоренко, Александр Байбарак, Владимир Голубятников, Юрий Сюняевтің портреттері мәңгі сақталған. Қатысушылар Ауғанстанда қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

\Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img