spot_img
Бейсенбі, Мамыр 2, 2024
5.2 C
Kokshetau

Степногорск қаласының жанында өртпен он екі сағат күресті

Сондай-ақ...оқыңыз
  • Степногорск қаласының іргесіндегі Бөгенбай ауылының маңында 35 гектар дала алапат өртке оранды. Төтенше жағдайлар қызметін түгелдей аяғынан тік тұрғызған тілсіз жаумен өрт сөндірушілер 12 сағат бойы арпалысты, деп хабарлайды «Aqmola News».

Ауыл маңында шөптің өртеніп жатқаны туралы хабарлама 2 шілде күні күндізгі сағат 12.52-де түскен. Оқиға орнына жедел түрде Степногорск қаласының №3 өрт сөндіру бөлімінің кезекші ауысымы аттанған.

«Алапат өрттің жалпы аумағы 35 гектар аумақты шарпығаны анықталды. Өртті сөндіруге өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамының 15 сарбазы мен 7 техника және тағы 19 адам қосымша жұмылдырылды. Өрттің шығу себептерін тексеру барысында сол аумақта МТЗ-80 маркалы трактормен 1975 жылы туған ер адамның шөп шауып жүргені әрі оның ұшқын сөндіргішінің жарамсыз екені анықталды. Бұл ақау шөптің өртенуіне себеп болыпты», – дейді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Аталған факт бойынша ол ҚР әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 410 бабының 1 бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Өрт анықталған немесе қауіп туындаған жағдайда бұл туралы кез келген телефоннан 101 және 112 нөмірлері бойынша өртке қарсы қызметке дереу хабарлау, бұл ретте өрттің мекенжайын, туындаған орнын атау және өзінің тегін хабарлау қажет», – деп толықтырды төтенше жағдайлар департаментінен. .

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Марат Ахметжанов: «ЕЛ БІРЛІГІ- ТАСҚЫНДЫ ЖЕҢДІ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img