spot_img
Сәрсенбі, Желтоқсан 11, 2024
-8.7 C
Kokshetau

1 маусымнан 27 бала суға батып кетті – министрлік

Сондай-ақ...оқыңыз

Шомылу маусымы басталғалы елімізде 72 адам, соның ішінде 27 бала суға кетіп, мерт болды. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Суға шомылу маусымы басталғалы (1 маусым) өз күштерін дұрыс бағаламау, мас күйінде шомылу, тыйым салынған жерлерге түсу, суға батып бара жатқан адамды құтқару кезінде және ересектердің балаларды қараусыз қалдыруы салдарынан еліміздің су айдындарында 72 адам, оның ішінде 27 бала көз жұмды.

Суға бату оқиғаларының ең көп саны Түркістан (14), Қызылорда (8), Алматы (7) және Шығыс Қазақстан (7) облыстарында тіркелген. Су айдындарының жағалау аумағын патрульдеу жұмыстарын жүргізу кезінде құтқарушылар мен полиция қызметкерлері 59 адамды, оның ішінде 8 баланы құтқарып қалды.

Шомылу маусымы кезінде қайғылы жағдайларды болдырмау үшін азаматтық қорғау органдары профилактикалық шаралар жүргізеді. Халық арасында 323 мыңнан астам буклет пен парақша таратылды. Азаматтармен 2 мыңға жуық жиын өткізілді.

Профилактикалық жұмысқа 5600-ге жуық волонтер де тартылған. Сондай-ақ мәлім етілгендей, құтқарушылар мен полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда тәртіп бұзуды анықтау және су айдындарындағы қауіпсіздікті сақтау бойынша бірлескен рейдтер өткізеді. Нәтижесінде қоғамдық орындарда болу ережелерін бұзғаны үшін 1 мыңға жуық адам, ал ортақ су пайдалану ережелерін бұзғаны үшін 14 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 1 мыңнан астам азаматқа ескерту жасалды.

ТЖМ азаматтарды су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады, бірінші кезекте:

– алкогольге және есірткіге мас күйде суға кіруге және шомылуға;

– қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секіруге;

– тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге; – жүзу шекарасын көрсететін белгіден асып кетуге;

– жүзуге арналмаған заттарда жүзуге; – балаларға ересек адамдардың қарауынсыз шомылуға тыйым салынады.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Елге қызмет – абыройлы міндет» жобасы аясында қорытынды кездесу өтті

​Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ ұйымдастыруымен әскери қызмет өткерген жастар мен әскери міндеттілерді жұмысқа орналастыруға бағытталған...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img