spot_img
Сейсенбі, Қараша 12, 2024
-10.1 C
Kokshetau

Көкшетауда ер адам көршілерін желдеткішсіз қалдырды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қаскүнемдер көп қабатты үйдің жеті бірдей желдету құбырларының шойындарын жымқырып кеткен. Қапырық ыстықта желдетусіз қалған үйдің тұрғындары полицияға шағымданған, деп хабарлайды Aqmola News».

Оқиға 28 маусым күні болған. Көкшетау қаласының полиция басқармасына телефон шалған 55 жастағы әйел ауладағы шойын темірлерді біреулердің ұрлап кеткенін хабарлапты.

Дереу оқиға орнына жеткен учаскелік полиция инспекторлары үйді желдетіп тұратын жеті бірдей шойын темірлерді көтеріп кеткенін анықтаған.

«Шығын көлемі 150 мың теңгені құрады. Учаскелік полиция инспекторлары капитан Асылхан Есімов пен лейтенант Темірлан Алпысов темір ұрлағандарды ізін суытпай тапты. Күдіктілер бірден тергеу изоляторына қамауға алынды», – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Қаскөйлер Көкшетау қаласының 30 жастағы екі тұрғыны болып шықты. Олардың бірі дәл сол үйде тұратыны анықталды. Күдіктілер өз айыптарын бірден мойындады.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 188 бабының 2 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сатылып үлгермеген заттай айғақтар яғни желдету құбырлары тәркіленіп алынды. Күдіктілерге қатысты міндетті түрде келу түрінде процесуалды мәжбүрлеу шарасы қабылданған.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Достар» мәдениет сарайының балалары «THE LEGACY SHOW ART AUTUMN 2024» фестивалінде өнер көрсетті

"Достар" мәдениет сарайында "LEGACY" ЖК және Ақмола облысының "Би спортын дамытудың ұлттық одағы" РҚБ филиалы ұйымдастырған "THE LEGACY SHOW...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img