spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 29, 2024
5.2 C
Kokshetau

Ауыл әкімдерін сайлауда тұрғындар құқықтарын толық пайдаланады – сарапшы

Сондай-ақ...оқыңыз

Саясаттанушы Қазбек Майгелдинов биылғы өтетін ауылдық деңгейдегі әкімдерді тікелей сайлау туралы пікір білдірді.

Биылғы жаңа форматтағы ауыл әкімдерінің сайлауы жергілікті азаматтарға, ауыл тұрғындарына Конституциялық құқықтарын толық мәнде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Біріншіден, бұл сайлау бұған дейінгі ауыл әкімдерінің сайлауынан тікелей дауыс беру арқылы ерекшеленеді. Дауыс беруге бұрын мәслихат депутаттары ғана дауыс беретін, қазір барлық тұрғын заңға сәйкес дауыс беруге құқылы болады. Тағы бір ерекшелік – үміткерлердің өзін-өзі ұсынуы. Саяси партиялардың тізімі арқылы және ауыл тұрғындары өзін-өзі ұсыну арқылы сайлауға қатыса алады, – деді Майгелдинов.

Саясаттанушының айтуынша, бұл жерде тараптар өз адамдарын өткізіп жіберуге кедергі болатын тетік қарастырылған.

Жергілікті тұрғындар толық саяси үрдістерге қатысуға мүмкіндік алып отырғанын көріп отырмыз. Ұлттық қоғамдық кеңестің ұсынысымен саяси реформалардың 3 пакеті ұсынылған болатын. Соның негізінде «Сайлау» туралы, «Саяси партиялар» туралы заңға өзгерістер енгізілді. Оның бірі сайлаушылардың құқығын толық жүзеге асыру аясында бюллетеньде «бәріне қарсымын» бағаны енгізілді. Биыл өтетін ауыл әкімдерінің сайлауында бұл жүзеге асырылады. Ауыл тұрғындары үміткерлерді қолдамайтын болса, «барлығына қарсы» бола алады, – деді саясаттанушы.

Қазбек Майгелдинов атап өткендей, тағы бір өзгеріс – саяси партиялардың кедергі шегін 7 пайыздан 5 пайызға төмендету.

Бұл – еліміздегі саяси партиялардың сайлауға қатысуын ынталандыру үшін жасалып отырған бағыт. Ол саяси плюрализмді дамытып, бәсекелестікті заңдандыруға мүмкіндік береді. Қазір елімізде 6 саяси партия болса, оның 5-еуі өткен Мәжіліс сайлауына қатысты. Бірақ көп саяси партия саяси үрдіске толыққанды қатыспайды. Сайлау жақындаған кезде ғана сайлаушылармен жұмыс істей бастайды. Электоральді сайлау екінші сайлауға дейін жалғасуы керек. Саяси партиялар өздерінің бағыттарын күн тәртібінде ұстауы керек, – деді ол.

Майгелдиновтың айтуынша, кедергі шегінің төмендеуі – саяси партияларға берілген мүмкіндік.

Бұдан бөлек, «Саяси партиялар» туралы заңда саяси партияларды тіркеуде адам санын 50 пайызға төмендету қарастырылған. Бұл жаңа саяси партиялардың пайда болуына, саяси үрдіске қатысуына мүмкіндік береді. Бұл саяси реформалар тек заң жүзінде ғана емес, іс жүзінде де жүзеге асырылып жатыр. Бұл реформалар пакеті жалғасын табады. Реформалар пакетінің басты міндеті – еліміздегі демократиялау үрдісін заңдандыру, – деді саясаттанушы.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаулық әнші республикалық байқауда жүлделі орынға ие болды

27 мамыр күні Көкшетау вокзалының перронында «Көкше» Мәдениет үйінің ұжымы Қызылорда қаласында өткен «Сыр Арна» республикалық вокалдық байқауында сәтті...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img