spot_img
Сейсенбі, Мамыр 14, 2024
9.2 C
Kokshetau

Степногорскте жылу электр станциясы жанды ма?

Сондай-ақ...оқыңыз

Кеше Степногорск қаласының жылу электр станциясының төбесінен қою түтін аспанға шыққан бейнетүсірілімдер мен фотосуреттер әлеуметтік желілерде желдей ескен. Жергілікті жұрттың үрейін ұшырған бейнетүсірілім ең алдымен @step.news инстаграм парақшасында жарияланған. Шынымен жылу электр станциясынан өрт шықты ма? Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды «Aqmola News».

Оқиға орнына бірден Степногорск қаласындағы төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері аттанған.

Оқиға кеше іңір қараңғысына қарай тарағанына қарамастан әлеуметтік желілерде тұрғындар түрлі пікірлер қалдырыпты.

«Жарық та, су да бар. Не жағдай болды екен?», «Алдымыздағы қыс көңілді өтетін сияқты», «Жарық пен су болатын шығар…», «Сәбізден үлгі алған шығар, енді жарық пен су құны шарықтап кетеді» деп жазды желі қолданушылар.

Әлеуметтік желіде ақпарат жарияланған кейін аз уақыт өтпестен оқиға жайлы толығырақ мәліметті облыстық төтенше жағдайлар департаменті берді.

«Қою түтін түтінтартқыштың істен шығуына байланысты мазуттың жануына байланысты болған. Процесті тұрақтандыру кезінде қара түтін шығып ол режим қалпына келгенде түтін газы қайта ағара бастайды. Степногорск жылу электр станциясында өрт және басқа да ешқандай төтенше жағдайлар орын алған жоқ», – деп түсіндірді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта жылу электр станциясының түтін тартқышындағы болған ақау түзетілді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бұландылық оқушы ядролық реактордың моделін әзірледі

Бұланды ауданының үш оқушысы Бішкек қаласында өткен «Біз – ХХІ ғасыр интеллектуалдарымыз» халықаралық байқауында ел намысын қорғап, жақсы нәтижемен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img