spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 15, 2026
3.2 C
Kokshetau

Көкшетауда көпқабатты үй өртеніп 35 адам эвакуацияланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда бүгін Боровской шағын ауданындағы көп қабатты үйдің 9-шы қабаттағы балконынан өрт шықты. Пәтерде үй иелері болмағандықтан өрт сөндірушілер сырттан автосаты қолданып 35 адамды өрттен эвакуациялады, деп хабарлайды «Aqmola News» тілшісі.

Тұрғын үйден өрт шыққаны туралы жедел басқару орталығындағы пультке күндізгі 12.10-да хабарлама түскен. Дереу оқиға орнына өрт сөндіруші жедел топ аттанған.
«Өрт балкондағы тоғыз шаршы метрді шарпығаны анықталды. Өрттен 35 адамға эвакуация жасалды. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында арада 6 минут өткенде тілсіз жау ауыздықталды. Абырой болғанда зардап шеккендер мен құрбан болғандар болған жоқ. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр», – деді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
Өртті сөндіруге 5 өрт сөндіру техникасы мен жеке құрамның 14 сарбазы жұмылдырылған.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көрінбейтін майданның қаһармандары: Ақмола облысында ТКШ қызметкерлері күні аталып өтуде

16 сәуір – күнделікті өмірімізді жайлы әрі тұрақты ететін, бірақ еңбегі көбіне көзге көріне бермейтін жандарды еске алатын ерекше...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика