spot_img
Дүйсенбі, Қараша 9, 2026
0.6 C
Kokshetau

Тұрмыстық қалдықтарды жинауға 7 полигон салынады – Ермек Маржықпаев

Сондай-ақ...оқыңыз

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Степногорск қаласы мен Ақсу, Бестөбе елдімекендеріндегі кен орындарындағы зиянды қалдықтар мен ауа отмосферасына қатысты қолға алынып жатқан шаралар туралы айтты,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Облысты дереу шешім шығаруды талап ететін бірқатар экологиялық мәселелер бар екені өздеріңізге белгілі. Әсіресе, Степногорск қаласы мен Бестөбе, Ақсу елдімекендеріне жақын орналасқан кен орындарының тұрғындары зиянды қалдықтарға қатысты арыз-шағымдарын жиі айтады. Осыған орай жұмыс тобы құрылып, мәселелер назарға алынды. Бұл бастамаға «Казахалтын Technology») жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылығы да қосылды. Ақсу кенті маңындағы «Алтыналмас» АҚ мен «Қазахалтын» компанияларының жетекшілерімен өзара келісім жүргізіліп жатыр,-деді аймақ басшысы

Облыс әкімі экологиялық ахуалды жақсарту үшін әкімдік министрлікпен бірлесіп, 2024 жылға дейін барлық мәселелерді кешенді шешудің жол картасы бекітілгенін айтып өтті.

Аймақ басшысының сөзіне қарағанда, алдағы уақытта  атмосфераға зиян келтіретін заттарды тазалау және төмендету бойынша қазіргі заманғы технологияларды енгізу, газификациялау жұмыстары қолға алынбақ.

Сонымен қатар қатты тұрмыстық қалдықтарға арнап 7 бірдей полигон салынбақ.

Жол картасында Щучинск-Бурабай курорттық аймағының көлдерін тазалау және бес электрстанция салу сияқты тағы басқа да жобалар қарастырылған.

Аймақтағы экологиялық ахуал облыс әкімдігінің үнемі назарында,-деді Ермек Маржықпаев.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бурабайда халықаралық деңгейдегі конгресс-орталық салынады

Бурабайда халықаралық форумдар, көрмелер мен ірі мәдени іс-шараларды өткізуге арналған көпфункционалды конгресс-орталықтың құрылысы басталды. Жаңа нысан бір мезетте мыңға...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика