spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
11.6 C
Kokshetau

Қазақстанның вакцинация паспорты 5 мемлекетке жарамды

Сондай-ақ...оқыңыз

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанның вакцинация паспорты қай елдерге жарамды екенін айтты.

«Қазіргі уақытта үш ел вакцинация паспортын екіжақты форматта мойындау туралы ниет білдірді: Моңғолия, Венгрия және Тайланд паспорттарды өзара мойындау туралы өтінішпен жүгінді. Бүгінде олармен жұмыс істеп жатырмыз. Бұған қоса, Түркия, Кипр сынды елдер барлық елдің вакцинация паспортын мойындайды», – деді министр ОКҚ-да өтіп жатқан баспасөз мәслихаты барысында.

Ведомство басшысының айтуынша, ҚР Сыртқы істер министрлігі шет мемлекеттермен вакцинация паспортын өзара мойындау мәселесін пысықтап жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков қазақстандық вакцинация паспорты бар туристерді қабылдау бойынша Мальдив аралдары билігімен келіссөз жүргізіліп жатқанын айтты.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img