spot_img
Сенбі, Мамыр 30, 2026
14.7 C
Kokshetau

«Тыңда, дала Жамбылды»: Көкшетауда аймақтық жас ақындар айтысы өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласы «Достар» Мәдениет сарайында «Тыңда, дала Жамбылды» атты аймақтық оқушылар айтысы өткізілді. Жыр додасы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылды,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі. 

Айтыс сахнасына барлығы төрт жұп шықты. Аршалы, Бұланды, Ерейментау, Целиноград аудандарынан алты ақын және Солтүстік Қазақстан облысынан екі ақын бақ сынады.

Жас өрендер жыр алыбы Жамбыл тұлғасын арқау етіп, тәуелсіз еліміздің тарихын, әр жылдардағы жетістігін, бүгіні мен болашағын жырлады.

Айтыс додасына Көкшетау газетінің бас редакторы, ақын Серік Жетпісқалиев, Мәлік Ғабдуллин музейінің директоры Құдайберлі Мырзабек, халық шығармашылығы орталығының мәдени демалыс бөлімінің басшысы Асылбек Әбенов қазылық етті.

Марапаттау рәсімінде облыстық мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова айтыс өнерін ту еткен аузы дуалы жас ақындарға сәттілік тіледі.

Айтыс қорытындысында қазылар алқасының шешімімен үшінші орынды  Ақтілек Қайымхан, Марал Серікжан, Сая Тұрсынбек еншіледі.

Ал, екінші орынды Диас Аяған жеңіп алса, бірінші орынды Бергенбек Азатбек алды.

Айтыстың бас жүлдесін ерейментаулық ер Бөгенбай ауылының ақыны Сәттібек Серікболатұлы қанжығасына байлады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетау полицейлері қала тұрғындарына қоқыс тастау мен қоғамдық орындарда ішімдік ішу үшін жауапкершілік барын ескертті

Көкшетау қаласындағы Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары күн сайын қоғамдық тәртіпті бұзу деректерін тіркеп отыр. Әсіресе рұқсат етілмеген орындарға...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика