spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
15.1 C
Kokshetau

11 маусымға арналған ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

Синоптиктер жұма, яғни 11 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «Aqmola News».

«Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбырмен бірге найзағай болады, еліміздің оңтүстік-шығысында, таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде дауыл соғып, бұршақ жауады, оңтүстік және оңтүстік-шығысында  шаңды дауыл болады, солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі», – делінген «Қазгидромет» РМК баспасө қызметінің хабарламасында.

Жамбыл облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, дауыл, бұршақ болады, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғып, желдің күшеюі 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.

Алматы облысының кей жерлерінде дауыл соғып, бұршақ жауады, найзағай кезінде жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұршақ жауып, жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды облысының кей жерлерінде дауыл болады.

Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл, бұршақ болады, жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болады.

Ақтөбе, түнде Маңғыстау, күндіз Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

«Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Алматы, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады», – делінген хабарламада.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img