spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
24.2 C
Kokshetau

7 маусымға арналған ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

Синоптиктер 7 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

«Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальдық бөліктердің әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбырмен бірге найзағай болады, республиканың батысында бұршақ жаууы мүмкін, тек республиканың қиыр солтүстігі мен шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, дауыл, шаңды дауыл, солтүстікте тұман болады», – дейді синоптиктер.

Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл болып, жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз найзағай, шаңды дауыл болады, кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау, күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с күшейеді, Маңғыстау облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы, Қостанай облыстарында найзағай, жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, бұршақ жаууы ықтимал.

Атырау, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнайды.

Жамбыл, Түркістан облыстарының басым бөлігінде күндіз, Алматы облысының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

«Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Атырау, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады», – делінген хабарламада.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img