spot_img
Сенбі, Қараша 14, 2026
-0.9 C
Kokshetau

Ерейментауда бірқатар нысандар орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Ерейментау ауданында 404 жеке тұрғын үй мен 23 көп пәтерлі үй бірорталықтандырылған жылу жүйесіне қосылады. Бұл қалада жылу қазандықтарының қуатын арттыру жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылып келеді, деп хабарлайды «Aqmola News» аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, 2020 жылы Ерейментау ауданыңда тұрғындар пәтерлердегі төмен температураға шағымданған болатын. Мұның себептері қазандық қондырғыларының тозуы салдарынан туындаған техникалық ақаулардан болып отыр.

Ерейментау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің жетекшісі Ботагоз Аманбектің айтуынша, «Жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында аталған жылу қазандығын жөндеуге бюджеттен қаржы бөлінген.

«Қазіргі таңда жөндеу жұмыстарының 80 пайызы орындалды. Қажетті материалдардың барлығы жеткізілді. Абаттандыру, сыртқы түтін шығатын түтіктерді ауыстыру қалды. Жөндеу жұмыстарына барлығы 188 адам тартылған. Оның ішінде 94 адам «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы арқылы еңбек етеді» – деді аудандық әкімдіктегілер.

Бүгінгі күні бір орталықтандырылған жылу жүйесіне 279 тұрғын үй және 2420 пәтер қосылып отыр, тағы да 23 көппәтерлі тұрғын үй мен 404 жеке үйлерді, сондай-ақ, 25 әлеуметтік мекемелерді қосу жоспарланған. Жобаның іске асыру мерзімі – 2 жыл.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қосшы қаласында жаңа мектеп бой көтеруде: заманауи білім ордасы 1500 оқушыға шақталған

Қосшы қаласында білім беру инфрақұрылымын дамыту бағытындағы маңызды жобалардың бірі жүзеге асырылуда. Мұнда бір ауысымда 1500 оқушыны қабылдауға қауқарлы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика