spot_img
Бейсенбі, Мамыр 2, 2024
8.2 C
Kokshetau

«Ауыл – ел бесігі»: Ақмола облысында өткен жылы 400-ден астам жоба жүзеге асты

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында бірқатар мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Осы ретте, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы халықтың, әсіресе ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын нақты арттыратын бағдарламалардың бірі болып отыр, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасы.

Биыл «Ауыл – ел бесігі» құрамына енген бірқатар жобалар белсенді іске асырыла бастады.

Оның ішінде Целиноград ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы, Атбасар ауданында жастардың бос уақытын өткізу орталығының құрылысы, Сандықтау ауданындағы стадионды қайта жаңарту, Қорғалжын, Егіндікөл және Жақсы аудандарындағы кентішілік жолдарды орташа жөндеу жұмыстары бар.

Ағымдағы жылы 14 жоба іске қосылады, оның ішінде 3 айға жоспарланған орта мектепті жөндеу және мәдениет үйін күрделі жөндеу жұмыстары бар.

«Мәдени ошақта толық күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Яғни, абаттандырудан бастап нысанның іші мен сырты толығымен жаңартылады», – деді Мәдениет үйі директорының міндетін атқарушы Жамал Ақжанбаева.

Енді Жақсы ауданы тұрғындарының 95 пайызы ауызсуға қол жеткізе алады. Айта кетейік, 2020 жылы өңірде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және «Ауыл – ел бесігі» бағдарламалары бойынша 400-ден астам жоба жүзеге асырылды.

Ондаған басқа жобалар арқылы елді мекендердің тұрғындары үшін жайлы өмір сүру және өмір сүру сапасын жақсарту үшін жағдай жасалды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Марат Ахметжанов: «ЕЛ БІРЛІГІ- ТАСҚЫНДЫ ЖЕҢДІ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img