spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Мемкомиссия мүшелері АЛЖИР-де саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның төрағасы Қырымбек Көшербаев мемлекеттік комиссия мүшелерімен бірге «Отан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагері» (АЛЖИР) мұражай-мемориалдық кешенінің еске алу қабырғасына гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасы.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұжымы «АЛЖИР» мұражайын аралады Рәсімге қатысушылар саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын «бір минут үнсіздікпен» еске алды.

Сондай-ақ саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын «бір минут үнсіздікпен» ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев еске алды.

Мұражай-мемориалдық кешенді аралау барысында Қ.Көшербаев мұражайдың ғылыми-іздестіру және экспедициялық жұмысына ерекше назар аударып, әйгілі АЛЖИР лагерінің тұтқындарын ақтау Мемлекеттік комиссияның республика аумағындағы лагерлерде болған жазықсыз қуғын-сүргінге ұшырағандарды, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін ақтаумен айналысатын жұмыс топтарының міндетіне кіретінін атап өтті.

Мемлекеттік хатшы атап өткендей, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың бастамасымен құрылған мемлекеттік комиссияның қызметі тарихты зерделеу мен архивтік зерттеулер жүргізу жөніндегі кешенді жұмыстың негізінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік комиссияның қызметін ұйымдастыру шеңберінде жобалық офис, екі кіші комиссия, 11 жұмыс тобы және 17 өңірлік комиссия құрылып, жұмыс істеп жатыр. Жұмыс топтары мен өңірлік комиссиялардың ғалымдары және сарапшылары жабық архив материалдарына рұқсат алып, белсенді зерттеу жұмысына кірісті.

Оның тиімділігін қамтамасыз ету үшін базалық әдіснама бекітілді, жұмыс топтарының тақырыптық жоспарлары қалыптастырылды, жергілікті жерлерде архив құжаттарын іздеу және зерделеу мәселелері бойынша кездесу өткізіледі.

Қорытындылай келе Мемлекеттік хатшы мемлекеттік комиссияның қызметі, ең алдымен, жазықсыз зардап шеккен саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын мәңгі есте қалдыру және тарихи әділеттілікті қалпына келтіру жөніндегі үлкен тарихи миссия және алдыңғы және болашақ ұрпақтар алдындағы жауапкершілік екенін тағы да еске салды.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img