spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 6, 2024
3.8 C
Kokshetau

Целиноград ауданында ата-анасының қарауынсыз жоғалып кеткен бала аман-есен табылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Екі жасар баланы іздеу шамамен 8 сағатқа созылды. 27 мамыр күні Целиноград аудандық полиция бөліміне дабыл қаққан әкесі баласын іздеуге көмек көрсету туралы өтінішпен жүгінді. Бала белгісіз жағдайларда жоғалып кеткен. 

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полицейлер 27 мамырда Қабанбай батыр ауылының 27 жастағы тұрғыны төрт баласымен үйдің ауласында болғанын анықтады. Балалар ойнап жүрген. Біраз уақыттан кейін анасы 2 айлық ұлын тамақтандыруға кеткен. 8 жасар ұлы, 7 жасар қызы және әйелдің екі жасар ұлы аулада қалды. Сағат шамамен 20:30-да балалардың әкесі жұмыстан оралды. Бұл уақытта балалар әлі аулада болды. Біраз уақыттан кейін қызы үйіне кіргенде ата-анасы бауырларының қайда екенін сұрады. Қыз жауабы: «Олар аулада ойнап жүр». Қобалжыған ана зайыбын балаларға қарай тұруын өтінді. Көшеге шыққан ер адам ұлдарын таппаған. Ол бұл туралы әйеліне хабарлады және олар бірге іздеуге шықты. Нәтижесінде олар 8 жасар ұлын көрші аулада тапты. Бала басқа балалармен ойнап жүр екен. Ерлі-зайыптылар өздерінің кіші ұлын таба алмай, полицияға жүгінді. Полицейлер адамның жоғалып кету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастап, баланы іздестіруді ұйымдастырды. Оған Целиноград АПБ жеке құрамының күштері, ауылдық округ әкімдігінің қызметкерлері, жергілікті тұрғындар мен еріктілер жұмылдырылды.
Барлық кәріздер мен су төгетін құбырлар тексерілді, көрші үйлердің аумақтары, жақын маңдағы орман отырғызу алаңдары қаралды. Іздеу нәтижесінде 28 мамыр күні таңғы сағат 05: 10-да солтүстік бағытта тоғанның жағалауында үйден 800-900 метр қашықтықта бала табылды. Ол тыныш болды, бірақ тұла бойы тоңған. Әкімдік қызметкері баланы өз күртешесіне орап алып, ата-анасына табыстады. Табылған баланы жедел жәрдем дәрігерлері тексерді. Олар баланың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқтығын айтты. Денесінде ешқандай дене жарақаттары болған жоқ.
Баланың ата-анасы баланың жоғалып кету фактісі бойынша одан әрі тергеуді тоқтату туралы өтініш жазды.
Полицейлер барлық ата-аналарды қырағы болуға және балаларын қараусыз қалдырмауын ескертеді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МАРАТ АХМЕТЖАНОВ: « Бұл өнімдер Қосшы қаласының брендіне айналуы тиіс!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img