spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
19.2 C
Kokshetau

Көкшетауда «Баталар жинағы» жарық көрді

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда «Баталар жинағы» жарық көрді. Ақмолалық батагөй қариялар мен ел арасындағы сөз ұстаған шешендердің үздік баталары топтастырылып, көпшілікке жол тартты,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.

Облыстық ішкі саясат басқармасының және  «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің тапсырысы бойынша жарыққа шыққан баталар жиынтығы ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейлі мерекесіне арналды.

Бұған дейін «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі «Батаменен ел көгерер» облыстық байқауын ұйымдастырды. Аталмыш додаға 16 аудан мен Степногорск, Көкшетау қалаларынан 80-нен астам бейне баян келіп түсті.

Содан соң байқау қорытындыланып, үздік батагөйлер марапатталды. Осы байқауға қатысқан барлық жеңімпаздардың берген баталары осы жинаққа енгізілді.

«Баталар жинағын» құрастырушы Марал Жақыпованың айтуынша, қазақтың бата беру дәстүрі халқымыздың ең асыл үрдістерінің бірі. Ежелден ата-бабамыз бата беру арқылы ашық жарқын мінезі мен көл-көсір тілегін, үлкенге құрметін, жасқа ілтипатын білдірген.

Бұл жинаққа батаның түр-түрі енгізілді. Мұнда азаматқа, жаңа түскен келінге, жас балаға, алтын той, күміс той сияқты тойларға, жас жұбайларға, өмірден қайтқан кісіге берелетін баталар бар. Олардың әрқайсысының өзіндік мән-мағынасы бар. Жас ұрпақ соны білуі тиіс. Енді бұл кітап елдің игілігіне жарасын,-дейді Марал Қажыкенқызы.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында судан зардап шеккендерге көмек көрсету жалғасуда

«AMANAT» партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің өкілдері Ақмола облысының Бұланды ауданының судан зардап шеккен Иванковка ауылына келіп, «Құқықтық көмек»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img