spot_img
Сәрсенбі, Қазан 7, 2026
2.2 C
Kokshetau

Ғарышқа ұшу билетінің құны 2,8 млн доллардан асты

Сондай-ақ...оқыңыз

Джефф Безостың Blue Origin аэроғарыш компаниясының New Shepard ғарыш кемесімен ғарышқа ұшу билетінің құны ашық аукцион кезінде 2,8 миллион доллардан асты, әлі де көтерілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Blue Origin аэроғарыш компаниясы New Shepard кемесінің экипажбен алғашқы суборбиталық ұшуына орын алуға өтінімдерді 2020 жылдың 20 шілдесінен бастап ұсынған. Ставкалардың тікелей көрсетілімі компания сайтында жүргізіледі. Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 13:20-да ең жоғары ставка 2,8 миллион долларды құрады. Бастапқыда компания жоспары бойынша бәссауда жабық режимде өткен. Оған 136 елден 5200 үміткер қатысты.

Қорытынды бағаның одан да жоғары болатынын әбден мүмкін, себебі ашық аукцион 10 маусымға дейін жалғасады, ал сауданың соңғы бөлігі 12 маусымда өтеді. Бәссауда жеңімпазы Blue Origin-ның Батыс Техастағы ғарыш айлағында үшкүндік даярлықтан өтіп, одан кейін ғарышқа ұшады. Оған компанияның бес қызметкері қосылады.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

ІІМ «Балаларға назар аударыңыз!» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын шығарды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне қатысты заңнама...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика