spot_img
Сенбі, Мамыр 4, 2024
8.7 C
Kokshetau

Бурабай баурайында еліміздің үздік мәдениет қызметкерлері бас қосты

Сондай-ақ...оқыңыз

Бурабай баурайында еліміздің үздік клуб, кітапхана, музей қызметкерлері бас қосты. Жалпы еліміздің 13 өңірінен  келген мәдениет саласының өкілдері өзара пікір алмасып, бүгінгі таңдағы аталған саланың даму бағыттарындағы өзекті жайлар жөнінде ой бөлісті, деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

«Рухани Қазына – 2021» фестивалі аясында ұйымдастырылған бұл кездесу «Өңірлердің мәдениет саласындағы өзекті мәселелері» тақырыбында өткізілді. Негізгі мақсат өңірлердегі мәдениет саласын қолдауға бағытталған. Шараны жүргізген вице-министр Дәуенов жүргізілген шараларға қысқаша тоқталды.

«Өткен жылы министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп мәдениет саласындағы ынтымақтастық пен әріптестікті нығайту мақсатында біршама шараларды жүзеге асырды. Оның ішінде мәдениет саласын іске асыруда екі жақты меморандумдар жасалды. Мәдениет ұйымдарында негізгі бағыттар бойынша ұйымдастыру орталықтары құрылды», – дейді мәдениет вице министрі Нұрғиса Дәуешов.

Сондай-ақ, шара барысында дөңгелек үстелге қатысқан Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, Мәжіліс депутаттары Қазыбек Иса, Мақпал Тәжмағамбетова, облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова, облыстық мәслихат хатшысы Мұрат Балпан, «Хабар агентігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ринат Кертаевтар сала туралы толғамды ойларын ортаға салды.

Жиын барысында биыл тұңғыш рет Қазақстанның мәдени астанасы атанған Көкше өңірінің мәдениет саласындағы қол жеткізген жетістіктері де баян етілді.

 «Аймақта жиырма жылдан бері «Ақмола жұлдыздары байқауы ұдайы өткізіліп келеді. Оның нәтижесі де ауыз толтырарлық. Осы уақыт ішінде 110 шығармашылық ұжым, 151 солист анықталды. Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театры, облыстық орыс драма театрлары отандық және шетелдік байқаулардың жеңімпаздары атанды», – деді Ақмола облысының мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова.

Жалпы бүгінде өңірде 11 музейде 120 мыңнан астам жәдігерлер сақталған. 336 мемлекеттік кітапханалар, 25 коворкинг орталықтары мен 73 модельді кітапханалар жұмыс істейтіні аталып өтті.

«Жалпы өңірдегі бүгінде 624 мәдениет ошағы жұмыс істейді. Өткен жылы 68 мәдениет нысанын жөндеуге бюджет қоржынынан 2,3 миллиард теңге бөлінген. Биыл тағы 28 жөндеу жобасына 2,2 миллиард теңге бөлініп отыр. Мұнымен қоса Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Көкшетауда 1,2 миллиард теңгеге жаңадан мәдениет үйін салу жоспарланды», – деп толықтырды Айгүл Баубекқызы.

Тағы бір айта кететін жайт өңірде алғаш рет өткізілген «Құрақ көрпе фестивалі» өтіп, онда 11 километр 120 метр көлемінде құрақ көрпе тігілген. Үш күнге созылған фестиваль аясында келесі күні мәдениет саласының үздік қызметкерелріне марапаттар табыс етілмек.

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img