spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
9.9 C
Kokshetau

Атбасарда жаңа жұмыс орындары құрылатын жобалар дайындалуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Атбасар ауданында алдағы уақытта 1,345 миллион теңгені құрайтын инвестициялық жобалар іске асырылады. Бұл туралы аудан әкімі Аманбек Қалжанов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты-, деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі. 

Нәтижесінде құс фабрикасы, сүт-тауар фермасы, бордақылау алаңы, дүкендер, дәмханалар, супермаркеттер, автожуу және кондитерлік цехтары іске қосылады.

Бұл жобалар аясында 140-қа жуық жұмыс орны ашылу көзделген.

«Аудан бойынша «Әріп Агро» ЖШС 400 бас ірі қараға арналған бордақылау алаңын іске қосуды, «ИнтерТрайд» ЖШС 50 мың тауыққа арналған құс фабрикасын, «Шуйское ХХІ» ЖШС сүт-тауар фермасын салуды жоспарлап отыр, – деді аудан әкімі.

Сондай – ақ, Ақмола облысының 2020-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдау картасына 59 жаңа жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 2 миллиард теңгеге екі инвестициялық жоба енгізілді. Олардың арасында-сұлы қауызын іске қосу жөніндегі тамақ фабрикасының («Баха Соне» ЖШС) және ет өнімдерін терең өңдеу цехының («Алтындән» ЖШС) құрылысы бар.

Айта кетейік, ағымдағы жылы Атбасар ауданында бөлшек тауар айналымының көлемі шамамен 2,6 миллиард теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңмен салыстырға 5 пайызға жоғары. Ауданда жұмыс істеп тұрған 2304 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Киелі Түркістаннан жеткен «Ұлы дала мұрасы» жылжымалы көрмесі Көкшетау төрінде

18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай, киелі Түркістан қаласының «Ұлы дала елі» орталығының қорынан жинақталған «Ұлы дала мұрасы»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img