spot_img
Жексенбі, Маусым 14, 2026
17.4 C
Kokshetau

СҚО-да иттен құтырма анықталып, бір ауылға шектеу енгізілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл итінен құтырма анықталып, Городецкий ауылдық округіне шектеу шаралары енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО ветеринария басқармасының мәліметінше, Шал ақын ауданы Городецкий ауылдық округі Жалтыр ауылында құтырма ауруының ошағы анықталды. Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі Қайырлы Қазановтың айтуынша, сәуір айында Жалтыр ауылында ит өлген. Зертханалық сараптама 22 сәуір күні оның құтырмадан өлгенін растады. Қауіпті аурудың таралуына жол бермеу мақсатында Городецкий ауылдық округіне 18 мамыр күні шектеу шаралары енгізілді. Қазір дезинфекция жұмыстары басталды. Бұдан басқа ветеринарлар барлық малға және ит-мысыққа құтырмаға қарсы екпе егеді.

«Ауылдық округте 660 сиыр, 2200 қой-ешкі және 160 жылқы бар. Соның бәріне екпе егіледі. Ит-мысықтарға да вакцина салынады. Облыста биылдыққа алғаш рет құтырма иттен анықталып отыр. Бұған дейін бірнеше ауданда ірі қара малда құтырма анықталып, тиісті іс-шаралар жүргізілді», – дейді Қайырлы Қазанов.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Аршалы ауданында «Таза ел – жарқын болашақ» экологиялық акциясы өтті

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Ақмола облысының Аршалы ауданындағы Есіл өзенінің жағалауында «Таза ел – жарқын болашақ» атты...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика