spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
16.2 C
Kokshetau

Министр Ақтоты Райымқұлова ақмолалық бірқатар мәдениет қызметкерлерін марапаттады

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда Мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің күніне орай салтанатты түрде ашылған «Рухани қазына – 2021» фестивалі аясында облыстың бірқатар мәдениет саласында өкілдері айтулы наградалармен марапатталды, деп хабарлайды «Aqmola News».

Тұңғыш рет өткізіліп отырған фестиваль барысында Мәдениет министрі өңірдің мәдениет саласында іргелі жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті.

«Әрине, сал-серілердің мекені Көкше өңірі киелі өнер дарыған айтулы тұлғалардан қазір де кенде емес. Солардың бірқатарын Сіздердің алдарыңызда марапатағалы отырмыз. Сіздерді фестиваль аясында «Көкшетау – Қазақстанның мәдени астанасы» атануымен шын жүректен құттықтағым келеді», – деді Ақтоты Райымқұлова.

Шара барысында бір топ саланың ардагер өкілдері «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталса, аймақтың 10 мәдениет қызметкерлеріне мәдениет және өнер саласы қызметкерлері күніне орай «Мәдениет саласының үздігі» алқасы және министрліктің «Құрмет грамотасы» мен «Алғыс хаттары» табысталды.

 

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Киелі Түркістаннан жеткен «Ұлы дала мұрасы» жылжымалы көрмесі Көкшетау төрінде

18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай, киелі Түркістан қаласының «Ұлы дала елі» орталығының қорынан жинақталған «Ұлы дала мұрасы»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img