spot_img
Бейсенбі, Мамыр 2, 2024
5.2 C
Kokshetau

Ақмоланың намысын қорғаған триатлоншылар үздік үштіктен көрінді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолалық спортшылар Тараз қаласында өткен бессайыстан Қазақстан Республикасының 5-ші Жастар спорт ойындарында жүлдегер атанды, деп хабарлайды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, жарыс суда жүзу, семсерлесу және лазер-ран бойынша өтті. Оған қатысқан 18 жасқа дейінгі ақмолалық спортшылар барлығы 7 медаль иеленді. Нәтижесінде жалпы командалық есепте Ақмола облысы үздік үштіктен көрінді.

Бұл жарыстағы жеңіс, спортшылар үшін алдағы жетістіктерге жетелейтін демеу болды.

«Жарысқа тыңғылықты дайындалдық. Өңірдің намысын лайықты қорғауға барымызды салдық. Сол сенім мен үмітті ақтадық деп ойлаймын. Бізде бессайыс бөлімінің ашылғанына небәрі жарты жыл ғана болды. Спорттың бұл түріне қызығушылық танытқан спортшылар бізде әлі де аз. Сондықтан жарыста өңір намысын триатлоншылар қорғады. Мәселен, бессайыстағы семсерлесуге біздің спортшылар 2 ай ғана дайындалып үлгерді. Десе де, осындай жоғары нәтижеге қол жеткіздік», – деді жарыс жеңімпазы Анатолий Голубь.

Атап айтсақ кәсіби тұрғыда жалпы өңір бойынша спорттың триатлон түрімен 112 адам айналысады.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Марат Ахметжанов: «ЕЛ БІРЛІГІ- ТАСҚЫНДЫ ЖЕҢДІ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img