spot_img
Бейсенбі, Мамыр 9, 2024
17.2 C
Kokshetau

Мұнайшылар араб вакцинасын қабылдайды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстанда КВИ-ге қарсы үш вакцина қолжетімді болады. Бұл туралы халық алдында есеп беру кездесуінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта елімізде шектеу жоқ, вакцинаны Қазақстанның кез келген қаласында ектіруге болады. Осы орайда жақында орналасқан емханаға немесе екпе жүргізіліп жатқан сауда орталығына баруға мүмкіндік жасалды. Вакцина ақысыз түрде жүргізіліп жатыр», – деп тоқталды министр Орталық коммуникациялар қызметінде.

Осы орайда ол елімізде «Спутник V» және отандық QazVac вакцинасын егу жүргізіліп жатқанын еске салды.

«Бүгін қосымша араб вакцинасын аламыз. Яғни, бұл екпе «Синофарм» компаниясының қытайлық технологиясымен өндірілген. Қазіргі кезде осы вакцинаны күтіп отырмыз және оны өңірлерге таратамыз. Осы арқылы бізде халық үшін үш вакцина қолжетімді болады», – деді А. Цой.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ақтөбелік мұнайшылар Сауд Арабиясында өндірілген қытайлық «Синофарм» вакцинасын қабылдайды.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалықтар отан қорғаушыларына алғыс білдіруде

Отан қорғаушылар күні қарсаңында біздің жүрегіміз мақтаныш пен Еліміз үшін күрескендер үшін алғысқа толы! ҚХП Ақмола облыстық филиалы төрағасының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img