spot_img
Жексенбі, Мамыр 5, 2024
6.2 C
Kokshetau

«Көкшетау – көк қарағай мекені»: Экологиялық акция биыл да жалғасын тапты

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда мемлекеттік қызметшілер «Көкшетау – көк қарағай мекені» экологиялық акциясын жалғастырды. Бұл акцияны былтырғы жылы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің қызметкерлері бастаған еді,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында орман қорына 2 миллиардтан астам және елді мекендерге 15 миллион ағаш отырғызуды тапсырды. Бұл біздің өлкемізді көгалдандыру ғана емес, сонымен қатар табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу үшін маңызды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері осы игі іске өз үлестерін қосу үшін Ақмола облысының «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің бастамасымен ұйымдастырылған «Көкшетау – көк қарағай мекені» экологиялық акциясын бастады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мемлекеттік қызметшілер Абылай хан даңғылы мен Төлеу Сүлейменов көшесінің қиылысында «Арқар» мүсіндік композициясының жанындағы шағын саябаққа 30 жас қарағай көшеттерін отырғызды. Қатысушылардың айтуынша, қарағайды таңдау себебі – бұл ағаштар кез-келген жерде тамыр жіберіп, олардың көптеген сұрыптары топырақтың құрылымы мен құрамына талапқой емес. Сонымен қатар, бұл ағаштар ауаға пайдалы заттарды шығарып, оны көптеген қоздырғыштардан тазартады.

Департамент басшысы Берген Беспалинов өз сөзінде ағаш отырғызу – бұл тек өз өлкесін көгалдандыру ғана емес, сонымен қатар табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу екенін атап өтті.

Айта кету керек, бұл акция екінші жыл жалғасуда. Оған қала тұрғындары, шағын және ірі кәсіпорындардың өкілдері, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қатысады.

 

ҚР МҚІА Ақмола облыстық департаментінің баспасөз қызметі

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img