spot_img
Жұма, Қараша 27, 2026
0.2 C
Kokshetau

Белгілі ақын Есенғали Раушанов өмірден өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақтың танымал ақыны, жазушы Есенғали Раушанов өмірден өтті. Бұл туралы ақын, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қадірлі ағайын!

Қазақтың аса көрнекті ақыны, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Есенғали Раушановтан айырылып қалдық. Алла алдынан жарылқасын. Асыл рухы бейіштің төрінде шалқысын»,-деп жазды ол.

Есенғали Әбдіжаппарұлы Раушанов 1957 жылы 5 қазанда Қарақалпақстанда дүниеге келген. Белгілі ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері. 1983–1987 жылдары «Жалын» және «Арай» журналдарында поэзия бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, 1988–1995 жылдары «Білім және еңбек» («Зерде») журналының бас редакторы қызметін атқарды. «Жазушы» баспасының директоры болды.

Белгілі қаламгердің «Бастау» (1980), «Келінтөбе» (1984), «Шолпан жұлдыз туғанша» (1986), «Ғайша бибі» (1992), «Қара бауыр қасқалдақ» (1995), «Періштелер мен құстар» (2005), «Бозаңға біткен бозжусан» (2006), «Құстар біздің досымыз» (2007) секілді бірқатар жыр жинақтары жарық көрген.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Сайлауға дайындық заңнама талаптарына қатаң сәйкестікте жүргізіліп жатыр

Сайлау науқаны «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде ұйымдастырылуда. Орталық сайлау комиссиясы сайлау үдерісінің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика