spot_img
Бейсенбі, Сәуір 18, 2024
23.2 C
Kokshetau

Шиномонтажда тұрып жатқан әкенің жағдайына қатысты әкімдік жауап берді

Сондай-ақ...оқыңыз

Нұр-Сұлтанда ерекше қажеттілігі бар кәмелетке толмаған баласымен бірге шиномонтажда тұрып жатқан тұрғын Вячеслав Дружининнің жағдайына қатысты қалалық әкімдік жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Вячеслав Дружининнің кәмелетке толмаған ұлы қажетті медициналық көмекті толық көлемде алып отыр. Қазіргі уақытта бала №1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында емделуде. Ауруханадан шыққаннан кейін медициналық тексеріс нәтижесіне сәйкес, баланың қай оңалту орталығында одан ары ем алатыны белгілі болады», – делінген әкімдік хабарламасында.

Әкімдік сондай-ақ, баланың әкесі ай сайын 125 мың теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы алып отырғанын жеткізді.

«Вячеслав Дружинин ай сайын 125 мың теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы алуда. Қала әкімдігі балаға қажет, заңмен белгіленген  медициналық және әлеуметтік көмекті толыққанды көрсетіп отыр. Отбасының тұрғын үй мәселесі тек заң аясында шешіледі», – делінген хабарламада.

Еске салсақ, бүгін Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны, жалғызбасты әке Вячеслав Дружининнің пәтерақысын төлей алмағаны үшін балаларымен бірге шиномонтажда тұрып жатқаны туралы жазған болатынбыз. Жақында ғана әйелі қайтыс болған азамат екі баласына өзі қарауға мәжбүр екенін, қарызға батқандықтан көпшіліктен көмек сұрағанын айтқан еді. Жалғызбасты әкеге  қазақстандықтар тез арада жарты миллион теңгеден астам ақша жинап берген.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Әрбір азамат, әрбір отбасы мемлекеттің қамқорлығында болады – Қасым-Жомарт Тоқаев

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Біз су тасқыны салдарынан болған барлық шығынды өтейміз. Әрбір азамат, әрбір...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img