spot_img
Жұма, Сәуір 26, 2024
5.2 C
Kokshetau

Отандық вакцина не себепті Түркияда құйылуы мүмкін

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР БҒМ биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закария қазақстандық вакцинаның не себепті өзге елде құйылуы мүмкін екенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикерге «Отандық вакцинаны не себепті Түркияда құюға, қаптама жасауға мәжбүрміз? Қарағандыда вакцинаның ресейлік нұсқасын сол процестен өткізіп жатқан жоқ па?» деген сұрақ қойылды.

«Институттың негізгі мақсаты – вакцинаны әзірлеп шығару. Бүгінгі күні зауыт Қазақстанда әлі жоқ, зауытымыз соғылып жатыр. Қарағандыға келсек, бүл жерде келесі айырмашылық бар: Біздің инактивтелген вакцинамыз таза вирустан пайда болады, содан жасалады. Ол екінші топ патогендікке жатады. Екінші топқа жататын патогенді вируспен қаланың не үлкен мегаполистің ішінде жұмыстарды өткізуге болмайды. «Спутник-V» технологиясына келсек, оның ішінде негізгі зат біздің SARS-CoV вирусы емес, вирустың ішіндегі кішкене ғана ақуыз, оны тасымалдайтын аденовирус вируленттігі төртінші топқа жатады. Төртінші топқа жататын вирустармен қала ішінде жұмыс істеуге болмайды. Ал енді Түркия немесе басқа зауытта толтыру мәселесі нақты шешілген жоқ. Бізге Үкімет қай жерге апарып, әзірлеу керек десе, сол жерге барып әзірлейміз. Оның себебін басында айттым, үлкен көлемдегі вакциналарды бізде құятын «алаң» жоқ», – Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекет басшысы: біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы

  «Баршаңыз куә болып отырсыздар, қазір әлемде түрлі табиғат апаты көбейіп барады. Қазақстан да үлкен қатерге тап болды. Еліміздің көптеген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img