spot_img
Бейсенбі, Сәуір 25, 2024
1.1 C
Kokshetau

Атбасар аграрлық-индустриялық колледжінде студенттермен қоғамдық кездесу ұйымдастырылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов және оның жұмыс тобының мүшелері Ақмола облысы бойынша жұмыс сапары аясында «Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледжінде болып, оқу орнының студенттік қоғамдастығымен кездесу ұйымдастырды,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесу барысында студенттер «Sanaly urpaq» клубының жұмысы туралы, Студеттік өзін өзі басқару жұмысы туралы айтып, келесі жылға қойған мақсаттар мен міндеттерін жариялады.

Олжас Абайұлы балаларға олардың жұмыстары үшін алғыс айтып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыс қоғам өмірінің барлық салаларын қамтуы тиіс екенін атап өтті. Өйткені, жастар біздің Республикамыздың болашағын құрайды.

Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігі Ақмола облысы бойынша Департамент басшысы Мұрат Төлеубаев Көкшетау қаласының жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы квест түріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізілген акция туралы айтып берді.

Кездесуде колледж студенттері аталған акцияны қолдайтындарын айтып, оның сәуір айының соңына жоспарланып отырғанын атап өтті.

Кездесу соңында жазушылар одағы филиалының төрағасы Дәулеткерей Кәпұлы сөйлеп, колледж ұжымына және олардың қызметтеріне табыс тіледі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Қазақ тілі қажеті болмаса, не үшін үйрендім?..» деген сөз қандай ауыр еді!..

Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілді үйреніп алып, қазақ тілінің көркемдігі мен шұрайлылығын насихаттап, мақтап етіп...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img