spot_img
Сейсенбі, Мамыр 7, 2024
10.2 C
Kokshetau

Анасы баласының үстінен арыз жазды

Сондай-ақ...оқыңыз

24 жастағы жас жігіт анасының атына оның келісімінсіз онлайн-несие рәсімдеген болып шықты, – деп хабарлайды «Aqmola News».

52 жастағы әйел банктердің бірінен хабарласып, 135 мың теңге мөлшерінде алған несиесін қайтаруды талап еткенін, бірақ ол бұл несиені алмағанын айтып полицияға арыз берген.

«Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті дереу анықталды. Ол жәбірленушінің есірткіге тәуелді 24 жастағы ұлы болып шықты. Жас жігіттің анасының банк картасы мен құжаттарына қолжетімді болған. Тергеуде ол өзінің анасына осыған дейін де 100 мың теңге сомасында несие рәсімдеп, оны уақытында төлегені анықталды», – деді Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Ал екінші мәрте несие рәсімдеген жігіттің оны ай сайын төлеу кезінде қиындықтар туындаған. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 190-бабымен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тәртіп сақшылары жеке құжаттар мен банк карталарына мүмкіндігінше сақ болуға шақырды.

«Өздеріңіздің жеке мәліметтердіңізді құпия сақтап, телефонға кілтсөз қойып, ешкімге өз пин-кодтарыңызды сеніп, өз бетінше банк карталарын пайдалануға сеніп тапсырмаңыздар» – деді Ақмола облысы полиция департаментінен.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық мектеп бітірушілер «Түлектердің ағаш отырғызуы» республикалық челенджіне қатысты

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында бүгін «Түлектердің ағаш отырғызуы» челленджі  болып өтті. Бүкіл ел бойынша ұйымдастырылған іс-шара...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img