spot_img
Бейсенбі, Сәуір 25, 2024
9.2 C
Kokshetau

Көкшетауда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 4 жылдығы тойланды

Сондай-ақ...оқыңыз
Көкшетауда «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының іске қосылғанына 4 жыл толуына орай бірнеше іс шаралар ұйымдастырылды. Қаланың орталық көшелерімен «7 қазына – ұлт ырысы» атты керуені мен облыс орталығында авто шеру жүріп өтті,-деп хабарлайды «Aqmola News»ақпарат агенттігі. 
«Болашақ сарайы» ғимаратында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімованың қатысумен «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесімен атқарылғын жұмыстары мен алдағы жоспарлары талқыланды.
Іс-шараға өңірлік комиссия, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмыс тобы мен сараптамалық кеңес мүшелері, аудандар, Көкшетау және Степногорск қалалары әкімдерінің орынбасарлары, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдері қатысты.
Соңғы 4 жылда 6 бағыт бойынша  18 арнайы жоба іске асырылды.

Облыста «Рухани жаңғыру» мекемесінің мектеп, колледж, университет қабырғаларында барлығы 44 кабинеті ашылып, қызмет етуде.

Жиында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары жұмысының негізгі бағыттары туралы Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сабырхан Кенжебаев баяндады.
Сонымен қатар, мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова , білім басқармасы басшысының орынбасары Ботагөз Дүйсенова , Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат  Дүзелбаев, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі өңірлік сараптама кеңесінің мүшесі  Аманай Сейітқасымов атқарылған жұмыстар мен ағымдағы жылға арналған жоспарлар туралы баяндама жасады.

 

Еске сала кетсек, 2020 жылдың қорытындысы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен өңірлер бойынша жасалған рейтинг негізінде Ақмола облысы барлық өңірлер арасында бес үздік өңір қатарына кірді.

Салтанатты іс – шарада аясында өңірде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға белсене ат салысып жүрген азаматтар марапатталды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекет басшысы: біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы

  «Баршаңыз куә болып отырсыздар, қазір әлемде түрлі табиғат апаты көбейіп барады. Қазақстан да үлкен қатерге тап болды. Еліміздің көптеген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img