spot_img
Сейсенбі, Шілде 14, 2026
25.6 C
Kokshetau

Ақмолада жеңіл жүріске қыздарды мәжбүрлеген үш бірдей «жеңгетай» ұсталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Үш күн бойы рейд шараларын жүргізген ақмолалық полицейлер қыздарды жеңіл жүріске мәжбүрлеген «жеңгетайларды» қолға түсірді, – деп хабарлайды «Aqmola News».
Криминалды, әкімшілік және көші-қон полициясымен бірлесіп жүргізілген «Стоп трафик» арнайы операциясы барысында жүргізілген шаралар өзінің нәтижесін де берген. Рейд барысында өнеркәсіптік нысандар, ауыл шаруашылығы аумақтары, көңіл көтеретін орындар мен монша және қонақжай кешендеріне тексеріс жүргізілген.

«Жедел тергеу топтарымен адам саудасымен байланысты бес бірдей қылмыс анықталды. Оның ішінде үшеуі қыздарды жезөкшелікке тарту, біреуі ұрлау мақсатынсыз заңсыз бостандықтан айыру және жеңгетайлықпен айналысушылық болды», – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Мәселен, тергеу барысында 27 және 33 жас шамасындағы Көкшетау қаласының екі тұрғыны мен Степногорск қаласының тұрғыны қылмыстық кодекстің 308 (Жезөкшелікпен айналысуға тарту) бабымен қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Әйелдер өңір тұрғындарын қорқытып-үркіту және бопсалау жолымен жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлепті.

«Стоп трафик» жедел-алдын алу шарасы кезінде тәртіп сақшылары олармен профилактикалық әңгіме өткізіп, азаматтарды адам саудасы, заңсыз бостандықтан айыру, еңбек және жыныстық құлдықтың құрбаны болмау туралы туралы ескертті.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жақсы ауданында «Таза Қазақстан» акциясына 200-ге жуық тұрғын қатысты

Жақсы ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тұрғындарды табиғатты аялауға үндейтін тағылымды іс-шаралар өтті. Басты мақсат – қоршаған...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика