spot_img
Сенбі, Сәуір 20, 2024
18.2 C
Kokshetau

Ақмолалық жас айтыскер республикалық додада 1 орын алып келді

Сондай-ақ...оқыңыз

Қызылордада Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына, Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында республикалық ақындар айтысы өтті. Жас ақындар додасында Макинск қаласы балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының тәрбиеленушісі Нұрғиса Елеш 1 орынды еншіледі,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.

Бұған дейін жас ақын бірнеше додаларда бағын сынап, жеңіс тұғырынан көрінген.

Елешұлы Нұрғиса 2009 жылы қыркүйектің 9 күні Бұланды ауданында дүниеге келген. Өнер сахнасына үш жасынан шыға бастаған. Ауыл сахнасында ән айтып көзге түсе бастаған. Төрт жасында ауданда өткен үздік тәрбиеленуші сайысында бірінші орын иеленген. Бес жасында әнші балапан сайысына қатысқан.

Айтыс сахнасына 3 сыныпта алғаш рет облыстық оқушылар арасындағы айтысқа қатысып бас жүлдеге ие болған. Төртінші сыныпта Республикалық Абайдың 175 жылдығына арналған оқушылар айтысына қатысып «Ең жас ақын» аталымымен марапатталған.

«Абай мұрасы» атты ән байқауынан бас жүлде иеленді. «Арайлы алтын күз» ән байқауынан бірінші орын алды.

Ол бүгінде балалар -жасөспірімдер шығармашылық үйіндегі «Жасқанат» жас ақындар үйірмесінің шәкірті.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Тіл – ұлттың жаны» , – Біржан Қайыр

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Көкшетау қаласының 1 мектебінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мұғалімі Біржан Қайыр. Ол Ақмола облысы Біржан Сал...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img