spot_img
Бейсенбі, Сәуір 25, 2024
8.2 C
Kokshetau

Целиноградта жоғалған 6 жасар қыз елордадан табылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Қосшы ауылында жоғалған 6 жасар қыз бала елордадан табылды, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, Целиноград аудандық ПБ кезекшілік бөліміне Қосшы аулының тұрғыны әйел хабарласып, психикалық дертке шалдыққан 23 жастағы ұлы үйден 6 жастағы қарындасын ертіп белгісіз бағытта кетіп қалғанын айтқан.

Бұл туралы әйел әлеуметтік желіге жазба қалдырып, желі қолданушылардан көмек те сұрады.

«Полиция қызметкерлері бірнеше топқа бөлініп, іздестіру шараларын қолға алды. Нәтижесінде жас жігіт пен қыз бала Нұр-Сұлтан қаласындағы «Еуразия» сауда үйінің маңында жүргені анықталды», – деді ведомстводан.

ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, қазіргі кезде жоғалған қыз анасымен қауышты. Оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Ал, оның 23 жастағы ағасына қатысты психоневрологиялық диспансерге орналастыру мәселесі қаралуда.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекет басшысы: біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы

  «Баршаңыз куә болып отырсыздар, қазір әлемде түрлі табиғат апаты көбейіп барады. Қазақстан да үлкен қатерге тап болды. Еліміздің көптеген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img