spot_img
Бейсенбі, Сәуір 18, 2024
19.2 C
Kokshetau

Байқоңырдан ресей-америка экипажымен ғарыш кемесі ұшырылды

Сондай-ақ...оқыңыз

9 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 13:42-де Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-18» көліктік басқарылатын кемесі (КБК) бар «Союз 2.1а» зымыран-тасығышы ұшырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ю.А.Гагарин» атауын алған басқарылатын кеменің бортында Халықаралық ғарыш стансасына құрамында «Союз МС-18» кемесінің командирі және ХҒС-65 эскпедициясы, Роскосмос ғарышкері Олег Новицкий, бортинженер-1, ресейлік ғарышкер Петр Дубров және бортинженер-2, NASA астронавты Марк Ванде Хай бар ресейлік-америкалық экипаж аттанды.

Бұл 49 жастағы Ресей ғарышкері Олег Новицкийдің ғарышқа үшінші рет ұшуы. Американдық 54 жастағы астронавт Марк Ванде Хай ғарышқа осымен екінші рет аттанды. Экипаждың ең жас мүшесі – 43 жастағы Петр Дубров ғарышқа алғашқы рет ұшып отыр. Ұшыру штаттық режимде өтті. Зымыран-тасығыш сатыларының жоспарлы бөлінуі ұшыру циклограммасына сәйкес өтті.

Старттың 10-ыншы минутында «Гагарин» ғарыш кемесі орбитаға шығарылды. «Союз МС-18» кемесінің Халықаралық ғарыш стансасымен түйісуі қысқа жүйе бойынша жүріп, старттан кейін шамамен үш сағаттан соң өтуі тиіс.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Киелі мекен» экологиялық акциясына 150-ден астам көкшетаулық қатысты

Бүкіл әлем қоқыстарды сұрыптауды бастау маңызды екенін түсінеді. Бұған біздің қоғам да жақындап келе жатқаны қуантарлық жағдай. Осыған байланысты, Ақмола...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img