spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Анасы ұрып соққан 14 жастағы қыз бала асылып өлмек болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Абырой болғанда полиция қызметкері дер кезінде жетіп қыздың мойнынан арқанды шешіп үлгерді, – деп хабарлайды «Aqmola News»ақпарат агенттігі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға кеше Жақсы ауданында болды. Дәл сол күні Жақсы аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне Перекатное селосының 28 жастағы тұрғынынан телефон хабарламасы түсті. Әйел оның 32 жастағы әпкесі кәмелет жасына толмаған қызын аяусыз ұрып жатқанын хабарлаған.

«Куәгерлердің айтуынша, үйінде жанжал шығарған әйел қызының тамағынан қылқындырып, інісі мен сіңлісін балалар үйіне өткізетінін айтып қорқытыпты», – дейді Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Жедел-тергеу тобын күтпестен учаскелік инспектор – Данияр Нұрғамиден дереу оқиға орнына аттанған. Мекенжайға барған кезде полиция капитаны үш баланың анасы ішімдікке салынып полицияның тізіміне алынған үй иесінің мас күйінде балаларын ұрып жатқанының үстінен түскен. Дәл осы тұста үйге жүгіріп кірген 11 жастағы қыз әпкесінің қорада асылып қалғанын хабарлаған.

«Учаскелік полицей дереу сыртқа жүгіріп шығып, 14 жастағы қыздың қора шатырының арқалығына асылып тұрғанын көреді. Бірден іске кіріскен тәртіп сақшысы уақыт жоғалтпастан қызды жоғары көтеріп, мойнындағы ілмек арқанды шешіп алды», – дейді Гүлнәр Пинчук.

Абырой болғанда, жасөспірім қыз есінен танып қалса да, тірі қалды. Тәртіп сақшысы бірден жедел жәрдем бригадасын шақыртып, кезекші бөлімге болған жағдайды хабарлаған.

Қазіргі уақытта кәмелет жасына толмаған қыз өзін жақсы сезінеді, аурухананың оқшаулағышында орналасқан. Отбасы профилактикалық тізімде тұрған 14 жастағы қызбен психологтар жұмыс жүргізуде.

Полиция капитаны, Жақсы аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы Данияр Нұрғамиден осылайша кәмелет жасына толмаған қызды бір өлімнен арашалап, сауапты іс жасады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img