spot_img
Сенбі, Сәуір 27, 2024
7.3 C
Kokshetau

Целиноград ауданында қар суын сору жұмыстары жүргізіліп жатыр

Сондай-ақ...оқыңыз
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Ақмола облысы Целиноград ауданындағы 11 елдімекенде су көше бойын алып кеткен. Құтқарушылар қазіргі уақытта апаттан құтқару үшін еріген қар суын сору жұмыстарын жүргізіп жатқанын жеткізді, – деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.

Күрт еріген қардан облыс аумағындағы су басу қаупі төнген аймақтарда қауырт тірлік жүріп жатыр. Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті барлық күш-құрылымдарының құтқару жұмысына жұмылдырылғанын баяндады.

«Қоянды ауылындағы жылдам ерігер қардың суынан суға кеткен үш үй мен олардың ауласынан суды сору жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ, Целиноград ауданының Талапкер, Қараөткел, Қоянды, Арайлы, Қаражар, Қызылжар, Ақмол, Қосшы, Қабанбай батыр, Қызылсуат және Жарлыкөл ауылдарында суды сорып жатыр. Бүгін таңертең 10:35-те Нұр-Сұлтан қаласынан «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамының МИ-869 тікұшағы су тасқынының жағдайына мониторинг жүргізу үшін Вячеслав су қоймасы-Қоянды-Илинка» бағыты бойынша ұшып шықты. Тікұшақ бортында төтенше жағдайлар департаментінің, Ақмола облысы әкімдігінің, экология, геология және табиғи ресурстарды министрлігінің және «Қазгидромет» РМК өкілдері бар», – дейді Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары.

Қазіргі таңда Ақмола облысында елдімекендерді су басуына жол бермеу мақсатында қар шығарылып жатыр. Жалпы облыс аумағынан 447 813 текше метр қар шығарылса, сондай-ақ 177921,8 текше куб су сорылған.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Шұғыл шара қолданып, 95 елді мекенді, олардағы 8 мың үйді су алудан сақтап қалдық», – Марат Ахметжанов

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 25...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img