spot_img
Жұма, Сәуір 19, 2024
18.1 C
Kokshetau

Тоқаев келесі жолы коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны салдырады

Сондай-ақ...оқыңыз

6 сәуірде Мемлекет басшысы Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған «Спутник-V» вакцинасын салдырды. Алайда, әлеуметтік желілерде азаматтар тарапынан Мемлекет басшысының бұған дейін қазақстандық вакцина салдырамын деп, бірақ оны күтпей, «Спутник-V» екпесін алғаны жөнінде сұрақтар жиі қойылуда. ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли бұл сұраққа жауап беріп, Тоқаевтың келесі жолы коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны салдыруға ниетті екенін мәлімдеді.

«Президенттің әрқашан да отандық өнімді қолдайтынын сенімді түрде айта аламын. Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағандыда шығарылған вакцинаны салдырды және біздің ғалымдарға толық сенеді. Қазақстандық вакцина өндірісі іске қосылғаннан кейін Мемлекет басшысы Жамбыл облысына барып, кәсіпорынның жұмысымен арнайы танысуды жоспарлап отыр. Президент келесі жолы коронавирусқа қарсы отандық екпені салдыруға ниетті», – деп жазды.

Отандық вакцина қазір сынақтың соңғы сатысынан өтіп жатыр. Осы айдың соңына қарай қолданысқа енгізілуі мүмкін.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Тіл – ұлттың жаны» , – Біржан Қайыр

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Көкшетау қаласының 1 мектебінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мұғалімі Біржан Қайыр. Ол Ақмола облысы Біржан Сал...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img