spot_img
Жұма, Мамыр 3, 2024
3.1 C
Kokshetau

Ғалым «коронавирустың алматылық штамы пайда болуы мүмкін» деген ақпаратты жоққа шығарды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің жанындағы халықаралық вакцинология орталығының директоры Қайсар Табынов «коронавирустың алматылық штамы пайда болды» деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл ақпаратты журналистер дұрыс түсінбей қалған болуы керек. Біз аминқышқылдарын алмастыратын мутация туралы айттық. Тілші оны «Алматы штаммы» деп қабылдады. Біз бұл ақпаратты жоққа шығарамыз. Біз «британдық» және «оңтүстік африкалық» екі мутацияны дәл анықтадық, басқа мутация туралы сөз болған жоқ. Біз қазір вирустарды бөліп жатырмыз және оларды зерттеу үшін, вакциналардың тиімділігін бағалау үшін, сондай-ақ әзірленіп жатқан дәрілерге баға беру үшін зерттеуді жалғастырамыз. Біздің басты міндетіміз – осы», – деп түсіндірді ғалым.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарының бірінде Қазақстанда коронавирустың алматылық штамы пайда болуы мүмкін деген ақпарат тарады. Кейін Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада «коронавирустың алматылық штамы пайда болды» деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Марат Ахметжанов: «ЕЛ БІРЛІГІ- ТАСҚЫНДЫ ЖЕҢДІ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img