spot_img
Сейсенбі, Сәуір 30, 2024
6 C
Kokshetau

26 нарызда еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазгидромет жұмаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Оңтүстік және Атлантикалық циклондармен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты, еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады – жауын-шашын, батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, солтүстік-шығыс, орталық пен шығыста – жаяу бұрқасынмен, оңтүстік-батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста найзағай күтіледі.

Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20, екпіні 23-28 м/с күшеюі күтіледі, Жамбыл, Қызылорда облыстарында – тұман.

Алматы облысының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшейюі күтіледі. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Достық пен татулықтың ордасы

Қаламыздағы «Достық және шығармашылық үйі» 2005 жылы ашылып, қалада құрылып жатқан этно-мәдени бірлестіктер мен ұлттық орталықтардың келісімі мен татулығының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img