spot_img
Сейсенбі, Мамыр 21, 2024
14.2 C
Kokshetau

Қопа көлінде мұз жарылысы болады

Сондай-ақ...оқыңыз

Қопа көлінде көктемгі су тасқынының алдын алып, ағын суды кедергісіз өткізу мақсатында мұз жарылыстары өткізілмек, деп хабарлайды «Aqmola News».

Бұл туралы Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Құрметті Көкшетау қаласының тұрғындары! Жүргізіліп жатқан су тасқынына қарсы ісшаралар шеңберінде бүгін Қопа көлінің Қылшақты өзені тұсынан жаяулар өтетін көпірдің маңында Қылшақты өзенінде Застанционный кенті көпірінің жанынан ағын судың өтуіне кедергі келтіретін мұз құрсауын жою мақсатында жарылыс жұмыстары өткізіледі. Барлық балықшылардың дереу арада Қопа көлінің аумағынан кетуі қажет. Қала тұрғындарының тыныштық сақтауын сұраймыз. Мазазындануға еш себеп жоқ. Сондай-ақ, жалған ақпарат тарату үшін қылмыстық кодекстің 274 бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз», – деді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінен.

Жарылыс жұмыстары бүгін күндізгі сағат 16:30 шамасында ұйымдастырылмақ.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық оқушы республикалық олимпиада жүлдегері атанды

Алматы қаласының «Tamos Education Physics and Mathematics School» мектебінде Central Asia Biology Olympaid 2024 биология пәнінен олимпиада өтті. Көкшетаудағы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img