spot_img
Сенбі, Мамыр 30, 2026
20.7 C
Kokshetau

Наурыз мейрамы күндері республикалық жолдар 86 мәрте жабылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Мейрам күндері, яғни наурыздың 20-24 аралығында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар жолдардағы 86 учаскеде  автокөліктер үшін қозғалысқа шектеу енгізілген. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Ең көп жабылған жол учаскелері бойынша бірінші орында Ақмола облысы тұр. Мұнда қозғалысқа шектеу 29 жол учаскесінде енгізілді.

Қарағанды облысында жолдар наурыздың 20-сы мен 24-і аралығында 15 мәрте, ал Шығыс Қазақстан облысында 14 рет жабылды. Айта кету керек, бес күннің ішінде аталған өңірлерде жауын-шашынның айлық мөлшері түскен.

Қыс басталғалы республикалық тас жолдардағы қозғалысқа шектеу барлығы 997 учаскеде енгізілген.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетау полицейлері қала тұрғындарына қоқыс тастау мен қоғамдық орындарда ішімдік ішу үшін жауапкершілік барын ескертті

Көкшетау қаласындағы Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары күн сайын қоғамдық тәртіпті бұзу деректерін тіркеп отыр. Әсіресе рұқсат етілмеген орындарға...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика