spot_img
Жұма, Мамыр 3, 2024
12.2 C
Kokshetau

Тоқаев БАӘ вице-президентіне көңіл айтты

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Президенті Біріккен Араб Әмірліктерінің көрнекті мемлекет қайраткері және танымал саясаткері, Қаржы және өнеркәсіп министрі, Шейх Хамдан бен Рашид Әл Мактумның дүниеден өтуіне байланысты БАӘ-нің вице-президенті, премьер-министрі, Дубай әміршісі Шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумға көңіл айту жеделхатын жолдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шейх Хамдан бен Рашид Әл Мактумның қайтыс болғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алды.

«Шейх Хамдан әмірліктердің дамуы мен өркендеуі, халқының игілігі мен мүддесі жолындағы ұзақ жылдар бойы атқарған мінсіз қызметінің арқасында зор құрметке ие болғаны баршаға белгілі. Қазақстан халқы да ағаңыз Шейх Хамдан Әл Мактумды екіжақты қарым-қатынастардың нығаюына сүбелі еңбек сіңірген еліміздің нағыз досы, тілектес бауыры ретінде әрдайым есінде сақтайды. Жоғары мәртебелі Шейх Мұхаммед, орны толмас ауыр қайғыңызға ортақтасып, бүкіл қазақстандықтар мен жеке өз атымнан Сізге және Әмірліктер халқына көңіл айтамын», – делінген жеделхатта.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ХАЛЫҚТЫҢ ЖАЙЛЫ ТҰРМЫСЫ ҮШІН БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР ЖАСАЛАДЫ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Бұл қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img