spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 29, 2024
14.2 C
Kokshetau

Үш өңірде ауа райына байланысты жол жабылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Бұрқасын мен жолдың көрінбеуі салдарынан Шығыс Қазақстан, Ақтөбе мен Ақмола облыстарында көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ауа райына байланысты 3 өңірде 10 трасса жабық тұр Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram-каналында жарияланған мәлімет бойынша, бүгін сағат 08.20-ден бастап Шығыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты респбуликалық маңыздағы жолда шектеу енгізілді.

Нақты айтсақ, Алматы-Өскемен бағытындағы жолдың 971-1048 шақырым аралығында, яғни Ұлан және Қалбатау ауылдарының арасында бұрқасын мен жолдың көрінбеуіне байланысты барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді.

«Ақмола облысының Нұр-Cұлтан-Петропавл бағытындағы жолдың 18-231 шақырым аралығында, «ҚазАвтоЖол»ҰК-ның ақылы жол дирекциясына жататын Нұр-Сұлтан-Щучинск бөлігінде сағат 09.10-ден бастап барлық көлік түрлерінің жүруіне шектеу қойылды», – деп жазылған хабарламада. Сондай-ақ, Ақтөбе облысында да бұрқасын күшейіп, жолдың көрінбеуіне байланысты «Ақтөбе-Атырау-Астрахан» автожолында Қандыағаш-Қарауылкелді учаскесінің 97-250 шақырым аралығында барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылып отыр.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Достық пен татулықтың ордасы

Қаламыздағы «Достық және шығармашылық үйі» 2005 жылы ашылып, қалада құрылып жатқан этно-мәдени бірлестіктер мен ұлттық орталықтардың келісімі мен татулығының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img