spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
11.2 C
Kokshetau

Нұртас Ахат – Қазақстанның Еңбек сіңірген ұстазы атанды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Республикасының  Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Көкшетау қаласындағы Жанайдар Мусин атындағы  қазақ педагогикалық колледжінің директоры Нұртас Ахат «Қазақстанның Еңбек сіңірген ұстазсы» құрметті атағымен марапатталды, деп хабарлайды «Aqmola News». 

Нұртас Ахатұлы – филология ғылымдарының кандидаты, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің құрметті профессоры. «Тұрмыс-салт жырларындағы ұлттық педагогика мәселелері», «Орынбай ақынның әдеби мұрасы», «Алаштың Алмас ақыны», «Қос арна», «Қазақтың ары – честь Казаха», «Сөз және сурет» атты көптеген оқиу құралдары мен монографиялардың авторы болып табылады.

2020 жылы Нұртас Ахат басқаратын Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық коллежі облыстың «Үздік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы» атағын жеңіп алған.

Нұртас Ахатұлының бастамасымен колледж ISO 9001:2015/СТ РК ISO 9001-2016 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестікке сертификатталған. Мұнымен қоса оқу орнында қолданбалы бакалавриат пен модульдік бағдарлама енгізілген.

Колледж директоры Нұртас Ахатұлына «Қазақстанның Еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов табыс етті.

Осы уақытқа дейін еліміздің 25 педагогына осы атақ берілген. П

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img