spot_img
Бейсенбі, Мамыр 16, 2024
15.2 C
Kokshetau

18 наурыз күнгі ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

18 наурызда еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, батыста жаяу бұрқасын, күндіз оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қазақстанның басым бөлігінде антициклон шоғыры әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек еліміздің батысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстік-шығысында аздаған қар жауады.

Еліміздің кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді, батыста жаяу бұрқасын, күндіз оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы 17-22 м/с жетеді, күндіз шаңды дауылмен күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, күндіз кей жерлерде көктайғақ болады, жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, түнде кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Түркістан, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, Атырау облысының кей жерлерінде 17-22 м/с күшейеді.

Алматы, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Сақ стилі» жаңа сериясына жататын номиналы 5000 теңгелік банкнота туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі 2023 жылы 25 желтоқсанда жаңа дизайндағы, 2023 жылғы үлгідегі, номиналы 5 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығарды. Бұл...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img