spot_img
Сейсенбі, Мамыр 21, 2024
8.2 C
Kokshetau

Кіші отанның үздік ғылыми жобалары облыстық байқауда ұсынылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында . «Менің кіші Отаным! » атты зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобалардың облыстық сырттай байқауы онлайн-режимде өтті, деп хабарлайды «Aqmola News».

Шараны Ұйымдастырушы: Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы.

Іс-шара дарынды оқушыларды, олардың шығармашылық қабілеттерін анықтауға ықпал етеді.

Байқаудың бірінші аудандық, қалалық кезеңінен өткен 13 аудандары мен Степногорск және Көкшетау қаласының 114 қатысушы бәйгеге түсіп бақтарын сынады.

Қатысушылардың жұмысын Көкшетау қаласының тарихы музейінің аға қызметкерлері, Көкшетау қаласының білім беру ұйымдарының мұғалімдері, облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығының әдіскерлері бағалады.

«Байқау 4 номинация бойынша өткізілді: «Менің кіші Отанымның тарихы» – бұл номинацияда қатысушылар өздерінің елді мекеннің тарихын бейне репортаждар ұсынды.
«Менің кіші Отанымның символы» – бұл номинацияда байқау қатысушылары жануарға, өсімдікке, адамға, құбылысқа және т.б. туралы бейнебаян ұсынды.
«Менің кіші Отанымның болашағы» – номинациясы бойынша қатысушылар – макет презентация түрінде жұмыстарын қорғады.
«Менің туған өлкем» – номинация бойынша қатысушылар өздерінің елді мекені туралы эссе жазды», – дейді ұйымдастырушылар.

«Шын мәнінде, маған қаламыздың тарихы, ескерткіштер, қандай да бір тарихи құрылыстар туралы білу әрқашан қызықты болды, Мен осындай конкурстың өткізілуін көргенде, Мен бірден қатысуға шешім қабылдадым» -деп бөлісті конкурсқа қатысушы Милана Подвительская, Көкшетау қаласы №10 ОМ 10 сынып оқушысы.

Біріншілік қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломға – 4 оқушы, ІІ дәрежелі дипломға – 8 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломға – 8 оқушы ие болды. Жұмыс барысында Жақсы, Ақкөл, Бурабай аудандарының, Степногорск қаласының және т. б. оқушылары жақсы нәтижелер көрсетті.

Конкурс жүлдегерлері туралы толық ақпаратпен сіздер Ақмола облысы білім басқармасының сайтында танысуға болады.Ақмола о

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жарты ғасыр жасаған «Көкшетау» халықтық би ансамблі

 «Көкшетау» халықтық би ансамблінің «Жарты ғасыр жасаған «Көкшетау» атты мерейтойлық концерттік бағдарламасы жоғары деңгейде өтіп, көрерменінің тағы бір мәрте...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img